Вопросы-Ответы, ЭСФ

ЭШФ-тан кім босатылады?

ЭШФ жазып беруден кім босатылады? ҚР Қаржыминінің Мемлекеттік кірістер комитетінде қандай кәсіпкерлік субъектілері электрондық шот-фактураны жазып беруден босатылатыны туралы айтып берді. Жаңашылдықтар 2021 жылдан бастап қолданыста болады.. «Электронды шот-фактура (ЭШФ) жазып беру бойынша міндеттемелерді орындауды жеңілдету мақсатында Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитімен Пилоттық жоба іске қосылды.Оған сәйкес 2021 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін салық төлеушілердің жекелеген санаттары үшін ЭШФ жазып беруден босату қарастырылған» — деп хабарлады МКК-де. Пилоттық жобаны іске асыру тәртібі Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2021 жылғы 18 маусымдағы №588 бұйрығымен белгіленген. ЭШФ жазып беру міндетінен: 1) құны 1000 еселенген АЕК мөлшерінен (2,9 млн теңге) асатын азаматтық-құқықтық мәміле бойынша кәсіпкерлік субъектілері; 2) сатып алынған тауарды түпкілікті тұтыну мақсатында пайдаланылатын жеке тұлғаларға өткізу кезінде кәсіпкерлік субъектілері; 3) жеке және заңды тұлғаларға тауарларды өткізукезінде ҚҚС төлеушілері болып табылмайтын – микрокәсіпкерлік субъектілері  босатылады. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы шот-фактура жазып беруді талап еткен жағдайда, жеткізуші осындай талапты орындауға міндетті екендігін ескеру қажет. Пилоттық жобаның қатысушылары болып жоғарыда көрсетілген талаптардың біріне сәйкес келетін салық төлеушілер танылады.
Чтобы получить доступ к этому сообщению, вы должны приобрести Тариф на 3 месяца, Тариф на 6 месяцев или Тариф на 12 месяцев.