ЭШФ мобильді телефонмен

Электронды шот-фактураларды мобильді қосымша арқылы жазып беруге болады ЭШФ жазып беру, тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды (ТІЖ) ресімдеу және растауды ЭШФ ақпараттық жүйесінің тегін мобильді қосымшасында жүзеге асыруға болады. «ЭШФ АЖ» қосымшасы Play Market және App Store дүкендерінде қолжетімді. ЭШФ жазып беру мен ТІЖ ресімдеу функционалы ЭШФ АЖ сайтында, сондай-ақ ЭШФ АЖ мобильді қосымшасында да іске асырылған. ЭШФ АЖ порталында және мобильдік қосымшада жұмыс Ұлттық куәландыру орталығының электронды-цифрлық қолтаңбасын (ЭЦҚ) пайдалана отырып, тегін жүзеге асыруға болады. ЭШФ АЖ-да жұмыс істеу үшін ҚР ҚМ МКК интернет-ресурсында «ЭШФ АЖ» бөлімінде нұсқаулықтар орналастырылған, онда функционалмен  қалай жұмыс жасауға болатыны туралы егжей-тегжейлі ақпарат бар: 1) ЭШФ АЖ пайдаланушыларының нұсқаулығы – https://drive.google.com/file/d/1ENt6dx6zWD3z_dY8TNgrOYnprjMCk1XV/view?usp=sharing; 2) мобильді қосымшамен жұмыс жасау бойынша ақпарат — HTTPS://KGD.GOV.KZ/RU/CONTENT/MOBILNOE-PRILOZHENIE-1. ЭШФ АЖ-да жұмыс істеу кезінде туындайтын техникалық мәселелер бойынша скриншоттарды қоса бере отырып, өтініштерді ЭШФ АЖ қолдау қызметіне мына мекен-жай бойынша жіберу керек: ESFSD@MGD.KZ
Чтобы получить доступ к этому сообщению, вы должны приобрести Тариф на 3 месяца, Тариф на 6 месяцев или Тариф на 12 месяцев.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *