Ресей 14 автокөлікті ұстады

Ресей Федерациясының Федералдық кеден қызметі жариялаған ақпаратқа сәйкес, 2021 жылғы 16-17 қарашада Ресей Федерациясының аумағындағы ресей-қазақстан шекарасының телімінде РФ Федералдық кеден қызметінің мобильді топтарымен 40 жүк автокөлік құралдары тексеріліп, оның 14-інде (35%) бұзушылықтар анықталған. Атап айтқанда, мақалада 300 тоннаға жуық тыйым салынған тауарлардың, оның ішінде таңбаланбаған аяқ киім мен парфюмериялық өнімдердің, сондай-ақ контрафактілік өнімнің белгілері бар аяқ киімнің ұсталғаны көрсетілген. Аяқ киім мен парфюмериялық өнімдерді таңбалау туралы ЕЭК шешімдеріне сәйкес ЕАЭО елдері осы тауарларға таңбалауды енгізу мерзімін дербес белгілейтіндігін айта кету керек. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында осы тауарларды міндетті таңбалау енгізілген жоқ, сондықтан Қазақстан Республикасында олардың таңбалануын бақылау жүргізілмейді. Бұл ретте, Ресей Федерациясында 2020 жылғы 1 шілдеден және 1 қазаннан бастап аяқ киім мен парфюмерия өнімдерін міндетті түрде таңбалау енгізілді, осыған байланысты Ресей Федерациясының Федералдық кеден қызметі таңбаланбаған өнімдерді анықтау бойынша тексеру жүргізеді. Сонымен бірге, қазақстан-ресей шекарасы арқылы автокөлік құралдарының өтуі тек Қазақстан Республикасынан ғана емес, Қырғыз Республикасынан да жүзеге асырылатынын ескеру қажет. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекетік кірістер комитеті Ресей Федерациясының Федералдық кеден қызметінен анықталған бұзушылықтар мен тауарларды жіберуші ел туралы ақпаратты сұратты, нәтижесінде 14 көліктің 7-і Ресей Федерациясына Қырғыз Республикасынан Қазақстан Республикасы арқылы транзитпен өткендігі анықталды. Өз кезегінде, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекетік кірістер комитеті қазақстан-ресей телімінде жүргізген бақылауы [...]
Чтобы получить доступ к этому сообщению, вы должны приобрести Тариф на 3 месяца, Тариф на 6 месяцев или Тариф на 12 месяцев.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *