Цифрлық майнинг үшін төлем

Цифрлық майнинг үшін төлем қалай есептеледі Салық Кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап цифрлық майнинг үшін төлемақы енгізілді. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады. Төлемақыны төлеу тәртібі Салық кодексінің 69-тарауының 11-параграфымен реттеледі. Цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғалар төлемақы төлеушілер болып табылады және төлем қызметті жүзеге асыру кезінде тұтынылған электр энергиясының нақты көлемі үшін алынады. Төлемақы сомасы электр энергиясының нақты көлеміне сүйене отырып есептеледі, төлемақы ставкасы электр энергиясының 1 киловатт-сағаты үшін 1 теңге мөлшерінде айқындалады (кВт/сағ саны*1 теңге). «Төлемақыны есептеу үшін салық кезеңі — тоқсан болып табылады. Цифрлық майнинг үшін ақы төлеу Республикалық бюджетке 105 317 Бюджеттік сыныптама кодына (БСК) жүргізіледі. Төлемақы төлеушілер төлемақы сомасын бюджетке тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей төлейді. Мысалы, 2022 жылдың бірінші тоқсаны үшін төлемақыны  2022 жылдың 20 сәуірінен кешіктірмей төлеу қажет», — деп атап өтті ҚР ҚМ МКК-де. Төлеушілер төлемді цифрлық майнинг қызметін жүзеге асыру орны бойынша (цифрлық майнингке арналған жабдықты орналастыру орны бойынша) төлейді. Бұл ретте цифрлық майнинг үшін төлем бойынша салық есептілігін тапсыру Салық кодексінде көзделмеген.  
Чтобы получить доступ к этому сообщению, вы должны приобрести Тариф на 3 месяца, Тариф на 6 месяцев или Тариф на 12 месяцев.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *