Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының өсуіне жол бермеу үшін шаралар қабылдануда
Электронды шот-фактуралар ақпараттық жүйесі негізінде Қазақстан Республикасының аумағында бақыланатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын және тас көмірді әкімшілендіруді жетілдіру үшін пилоттық жобаны іске қосу жоспарлануда. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттк кірістер комитетінде хабарлады.
Инфляцияның өсуіне, азық-түлік өнімдері мен мұнай өнімдеріне бағаның өсуіне жол бермеу жөніндегі шаралар шеңберінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті «Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі негізінде Қазақстан Республикасының аумағында бақыланатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын және (немесе) тас көмірді әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрі бұйрығының жобасын әзірледі.
Осы бұйрықпен әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен көмірді өткізу кезінде электрондық шот-фактураларды (ЭШФ) шығару бойынша салық төлеушілердің міндетін енгізу бөлігінде пилоттық жобаны 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін іске асыру көзделеді.
«Бұйрық жобасы Ашық НҚА (LEGALACTS) порталында орналасқан, сілтемесі: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=13982807
Барлық мүдделі тұлғаларды, қоғамдық бірлестіктерді, бизнес ассоциацияларды және салық төлеушілерді осы жобаны талқылауға белсенді қатысуды сұраймыз», — деп атап өтті МКК-де.
Нұр-Сұлтан қаласы
Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі негізінде Қазақстан Республикасының аумағында қадағаланатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын және (немесе) тас көмірді әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидаларын бекіту туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 68-бабының
1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Қоса беріліп отырған Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі негізінде Қазақстан Республикасының аумағында қадағаланатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын және (немесе) тас көмірді әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары бекітілсін.
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2022 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда қолданылады.
Лауазымы | Аты-жөні |