Жалғыз баспана кепілге алынбайды

2022 жылдың 1 наурызынан бастап салықтарды төлеу мерзімін кейінге қалдырғанда немесе бөліп төлеуге мүмкіндік берілгенде жеке тұлғаның жалғыз баспанасы кепілге алынбайды. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады. Салық заңнамасына сәйкес салықтарды төлеу мерзімін кейінге қалдырғанда немесе бөліп төлеуге мүмкіндік алу үшін өтінім бергенде салық төлеуші кепілге мүлікті қоюы керек (бөліп төлеуге берілген мерзімге байланысты: жылжымайтын мүлік, автокөлік, құрылғалар және т.б.). «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 52-бабының 2) тармақшасы ережелермен толықтырылып, енді жеке тұлғаның, дара кәсіпкердің, жеке практикамен айналысатын адамның жалғыз тұрғын үйі кепіл нысанасы бола алмайды. Аталған өзгертулер 2022 жылдың 1 наурызынан бастап қолданысқа енеді. Осы түзетулерді іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдарының мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушысының 2020 жылғы 10 шілдедегі № 665 бұйрығына өзгерту енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрық жобасы (бұдан әрі – Жоба) әзірленді. Бұл Жоба http://legalacts.egov.kz ашық нормативтік-құқықтық актілердің интернет-порталына 2022 жылдың 7 ақпанында орналастырылған. Жобаны жария талқылауды өткізу мерзімі – 2022 жылдың 21 ақпанына дейін.
Чтобы получить доступ к этому сообщению, вы должны приобрести Тариф на 3 месяца, Тариф на 6 месяцев или Тариф на 12 месяцев.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *