Налоговый Кодекс

Салық берешегін алу

Салық берешегін өндіріп алу. Салық төлеушілерге салықты уақытылы төлемеудің салдары туралы не білу керек? Заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің конституциялық борышы әрі міндеті болып табылады. Салықты уақытылы және толық төлемеудің қандай жағымсыз салдары болатынын ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде айтып берді. Салық кодексінде салық төлеуші салық міндеттемелерін уақытылы және толық көлемде орындауға міндетті екендігі белгіленген. Өз кезегінде, мемлекеттік кірістер органдары мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін қолдануға және салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алуға міндетті. Мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдеріне мыналар жатады: — салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің төленбеген сомасына өсімпұл есептеу; — банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру; — касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру; — мүлікке билік етуді шектеу. Салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары мынадай тәртіппен жүзеге асырылады: 1) банк шоттарындағы ақша есебінен; 2) дебиторлардың шоттарынан; 3) билік етуі шектелген мүлікті өткізу есебінен; 4) жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару түрінде шығарылады. Мәжбүрлеп өндіріп алудың жоғарыда көрсетілген тәсілдері мен шаралары Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларға, заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелеріне, резидент еместерге, дара кәсіпкерлерге, жеке практикамен айналысатын адамдарға қатысты қолданылады. Мемлекеттік кірістер комитеті мәжбүрлеп өндіріп алу тәсілдері мен шаралары тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде, яғни
Чтобы получить доступ к этому сообщению, вы должны приобрести Тариф на 3 месяца, Тариф на 6 месяцев или Тариф на 12 месяцев.