Фискалды чектің берілмегені

Фискалды чектің берілмегені және банк картасын қабылдаудан бас тартқаны туралы шағымданған азаматтарға 11,3 млн.теңге сыйақы төленді Азаматтық белсенділікті арттыру, кәсіпкерлер арасында адал бәсекелестікті ынталандыру, тұтынушылар құқығын қорғау, сондай-ақ көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқарту. «Азаматтық бақылау- түбіртекті талап ет» акциясын өткізудің мақсаттары осындай. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады. Мемлекеттік кірістер комитеті өзін-өзі реттеу және қоғамдық бақылау құралдарын жандандыру үшін 2020 жылдың мамыр айынан бастап «Азаматтық бақылау- чекті талап ет» акциясын өткізуде. Аталған акция аясында азаматтар бақылау-касса машинасының фискалды чегінің берілмегені және банк картасын қабылдаудан бас тартқаны туралы хабарлай алады. «Азаматтық бақылау — чекті талап ет» акциясына кез-келген ниет білдіруші қатыса алады. Барлық жіберілген өтініштерді Мемлекеттік кірістер органдары қарайтын болады. Фискалды чекті бермеу және банк картасын қабылдаудан бас тарту фактілері туралы App Store және Play market-тен «Wipon cashback» тегін мобильді қосымшасын жүктеу арқылы хабарлауға және бұзушылық фактісі расталған жағдайда телефон теңгеріміне сыйақы алуға болады. Ағымдағы жылы акция басталғаннан бері азаматтардың хабарлауы бойынша 11,3 мың бұзушылық фактісі расталды, оларға 11,3 млн.теңге сомасында сыйақы төленді. Мұндай бұзушылық үшін алғашында ескерту беріледі, ал егер заң бұзушылық бір жылдың ішінде қайталанса, кәсіпкерге айыппұл салынады. Айыппұл мөлшері кәсіпкерлік субъектісінің өлшеміне (шағын, орта, ірі) байланысты болады. Жыл басынан бері заң бұзушылықты қайталағаны үшін 474 кәсіпкерге 14,6 млн. теңгеге айыппұл салынды. Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан [...]
Чтобы получить доступ к этому сообщению, вы должны приобрести Тариф на 3 месяца, Тариф на 6 месяцев или Тариф на 12 месяцев.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *