Алаяқтардан сақ болыңыз

Сақ болыңыз! Алаяқтар! Мемлекеттік кірістер комитеті банктің мобильді қосымшалары арқылы пайдаланушыларға мүлік және көлік салығын төлеу қажеттілігі жалған хабарламалар жіберумен байланысты алаяқтықтың жаңа түрі пайда болғанын ескертеді. Хабарламаны тапсырудың қолданыстағы тәртібіне – хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы, салық төлеушінің жеке кабинетіне электрондық тәсілмен, мобильдік қосымша арқылы электрондық тәсілмен жіберу кіреді. Хабарламаның фейк екенін қалай анықтаймыз? Мыналарға назар аударыңыз: — хабарламаны жіберушінің қате көрсету, мысалы «ҚР салықтары» АҚ»; — мүлік салығын дұрыс төлеген кезде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Мемлекеттік кірістер басқармасы көрсетілуі керек, мүлік салығы — жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша, ал көлік салығы – салық төлеушінің тұрғылықты жері бойынша көрсетіледі; — салықтарды төлеудің белгіленген мерзімдері бар: көлік салығы бойынша – 1 сәуірден кешіктірмей, мүлік салығы бойынша – 1 қазаннан кешіктірмей. Тиісінше хабарламалар осы мерзімге дейін әрбір салық бойынша жіберіледі. Есте сақтаңыз: — есептелген салық сомасын «kgd.gov.kz» сайтында және «E-salyq Azamat» мобильді қосымшасында «Алдағы төлемдер» сервисінен, сондай-ақ банктердің Homebank және Kaspi.kz (мемлекеттік қызметтер – салық – көлік және мүлік салығы- ЖСН теру) мобильді қосымшаларында білуге болады; — салық бойынша берешектің бар не жоқ екенін «e-Salyq Azamat» (AppStore, PlayMarket) мобильді қосымшасы→Электрондық сервистер→Салық және әлеуметтік төлемдер бойынша берешек сервисі→ЖСН енгізу арқылы тексеруге болады. «Салық органының барлық есептеулері және төленген [...]
Чтобы получить доступ к этому сообщению, вы должны приобрести Тариф на 3 месяца, Тариф на 6 месяцев или Тариф на 12 месяцев.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *