Новости

Әлеуметтік төлемдер санаулы минутта түседі

Енді әлеуметтік төлемдер онлайн режимде 1-2 минут ішінде төлем мақсаты бойынша түседі. Егер бұрын берешек болса және салық төлеушінің банктік шотына тыйым салынса, енді онлайн төлем түскен кезде келесі күні банктік шот ашылады. Бұрын бұндай жағдайда шот ашу үшін 2-3 күн күту керек болатын. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады. Бюджеттен тыс төлемдер туралы мәліметтерді (міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтiк аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аударымдар және жарналарының түсімдері) алу уақытын қысқарту мақсатында «Халық банкі» АҚ-мен және «Каспий банк» АҚ-мен «электрондық үкімет» төлем шлюзі (ЭҮТШ) арқылы жүргізілген бюджеттен тыс төлемдер туралы ақпаратты онлайн беру қызметі енгізілді. Алдағы уақытта басқа екінші деңгейлі банктердің қосылуы күтілуде. Бұл ақпаратты онлайн алу салық төлеушілердің мемлекеттік сатып алуға қатысу, мемлекеттік, банктік және т.б. қызметтерді алу үшін әлеуметтік төлемдер бойынша төлемін жедел көрсетуге мүмкіндік береді.  
Чтобы получить доступ к этому сообщению, вы должны приобрести Тариф на 3 месяца, Тариф на 6 месяцев или Тариф на 12 месяцев.