Новости

Бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізу

Бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізу бойынша мемлекеттік қызмет автоматтандырылды  Қазіргі уақытта Қазақстан аумағында 34 бажсыз сауда дүкендері тізілімге енген. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті «Экспорттық-импорттық операциялар бойынша бірыңғай терезе» ақпараттық жүйесінде бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізу рәсімдерін автоматтандыру жұмыстарын аяқтады. 2022 жылғы 28 қарашадан бастап  «Экспорттық-импорттық операциялар бойынша Бірыңғай терезе» ақпараттық жүйесінде  «Бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызметтер көрсетудің электрондық нысанына кезең-кезеңмен көшу басталады. Бастапқы кезеңде қызмет көрсетудің қағаз нысаны сақталады. Қағаз нысанын жою күні туралы қосымша хабарланатын болады. Өтінішті толтыру тәртібі, сондай-ақ  ақпараттық жүйеде дербес тіркелу бойынша нұсқаулықтар («Онлайн оқыту» бөлімі) http://eokno.gov.kz порталының негізгі бетінде орналасқан. Кедендік тексеруді жүргізу күні, сондай-ақ өтінішті қарау мәртебесі туралы хбарламаларды жіберу үшін дербес тіркелу кезінде қолданыстағы ұялы телефон нөмірі мен электрондық пошта мекенжайын көрсету қажеттігіне назар аударамыз. Пайдаланушыларды қолдану қызметі e-okno@kgd.minfin.gov.kz. Өтініш нысанын толтырумен байланысты сұрақтар бойынша ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті қызметкері Тұрлыбеков Олжас Мұхтарбекұлы  байланыс деректері 8 (7172) 7182-82, o.turlybekov@kgd.gov.kz. арқылы хабарласуға болады.  
Чтобы получить доступ к этому сообщению, вы должны приобрести Тариф на 3 месяца, Тариф на 6 месяцев или Тариф на 12 месяцев.