Зияткерлік меншік объектілерінің құқық иеленушілеріне

Зияткерлік меншік объектілерінің құқық иеленушілері немесе оның мүдделерін білдіретін өзге тұлғалардың назарына Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті «Экспорттық-импорттық операциялар бойынша бірыңғай терезе» ақпараттық жүйесінде зияткерлік меншік объектілерін кедендік тізілімге енгізу рәсімдерін автоматтандыру жұмыстарын аяқтады. 2022 жылғы 5 желтоқсаннан бастап «Экспорттық-импорттық операциялар бойынша бірыңғай терезе» ақпараттық жүйесінде  «Зияткерлік меншік объектілерін кедендік тізілімге енгізу» мемлекеттік қызметті көрсетудің электрондық нысанына көшу басталды. Өтінішті толтыру тәртібі, сондай-ақ  ақпараттық жүйеде дербес тіркелу бойынша нұсқаулықтар («Онлайн оқыту» бөлімі) http://eokno.gov.kz порталының негізгі бетінде орналасқан. Кедендік тексеруді жүргізу күні, сондай-ақ өтінішті қарау мәртебесі туралы хабарламаларды жіберу үшін дербес тіркелу кезінде қолданыстағы ұялы телефон нөмірі мен электрондық пошта мекенжайын көрсету қажеттігіне назар аударамыз. Пайдаланушыларды қолдану қызметі e-okno@kgd.minfin.gov.kz. Өтініш нысанын толтырумен байланысты сұрақтар бойынша ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті қызметкерлерінің келесі байланыс деректері арқылы хабарласуға болад 8 (7172) 71-73-01, 71-70-70 b.myrzagali@kgd.gov.kz, zh.sekenov@kgd.gov.kz.  
Чтобы получить доступ к этому сообщению, вы должны приобрести Тариф на 3 месяца, Тариф на 6 месяцев или Тариф на 12 месяцев.

Добавить комментарий