Новости

Еуразиялық экономикалық комиссия тез бұзылатын тауарлар тізбесін бекітті

Бұл тауарлар бойынша кедендік операциялар бірінші кезекте жасалады. Еуразиялық экономикалық комиссияның Шешімі 2022 жылғы 7 желтоқсаннан бастап күшіне енеді. Бұқ туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады. Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 81-бабы 3-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия тез бұзылатын тауарлар санатының тізбесін Комиссия айқындайды, ал оны Комиссия айқындағанға дейін — мүше мемлекеттердің заңнамасында айқындалатыны белгіленген. Қазақстан Республикасының құзыреті «Кедендік операцияларды бірінші кезекте жасау тәртібі қолданылатын тез бұзылуға ұшырайтын тауарлар санаттарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 271 бұйрығын (бұдан әрі — бұйрық) қабылдаумен іске асырылды, ол осы уақытқа дейін қолданылады. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттермен талқылау қорытындысы бойынша Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі «Кедендік операцияларды бірінші кезекте жасау тәртібі қолданылатын тез бұзылуға ұшырайтын тауарлар санаттарының тізбесін бекіту туралы» 2022 жылғы 17 қазандағы № 160 шешімді қабылдады. Осы шешіммен Бұйрықпен бекітілген Ұлттық тізбеге бұрын енгізілген тауарлардың барлық тізбесін қоса алғанда, тауарлардың 63 санатынан тұратын тауарлар тізбесі бекітілді. Шешіммен осы Шешіммен бекітілген Тізбеге енгізілген тауарлар санаттарына қатысты кедендік операцияларды бірінші кезекте жасау тәртібі Шешім күшіне енген күннен бастап 2023 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін қолданылатыны белгіленген. Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң – 2022 жылғы 7 желтоқсаннан бастап күшіне енеді (Еуразиялық экономикалық комиссияның www.eurasiancommission.org ресми сайтында 2022 жылғы
Чтобы получить доступ к этому сообщению, вы должны приобрести Тариф на 3 месяца, Тариф на 6 месяцев или Тариф на 12 месяцев.