Новости

2022 жылдың соңына дейін бақылау-касса машиналарын қайта бағдарламалау қажет

Мемлекеттік кірістер комитеті 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын (БКМ) 2.0.2 нұсқасының хаттамасына қайта бағдарламалау қажеттігін еске салады. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады. Жоғарыда айтылғандарға байланысты, модельдері БКМ мемлекеттік тізіліміне енгізілген, деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар БКМ-ді қолданатын БАРЛЫҚ жеке және заңды тұлғалар 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімде барлық тіркелген БКМ-ді қайта бағдарламалау жөніндегі жұмыстарды аяқтауы қажет.     НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2.0.2-ден басқа Хаттамаларға Фискалдық деректер операторлары (ФДО) қолдауын тоқтатады! Осыған дейін салық төлеушілердің өтініштеріне байланысты деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қайта бағдарламалау мерзімі 2022 жылғы 15 қыркүйектен 31 желтоқсанға дейін ұзартылған болатын.
Чтобы получить доступ к этому сообщению, вы должны приобрести Тариф на 3 месяца, Тариф на 6 месяцев или Тариф на 12 месяцев.