Жеке тұлғалардың банкроттығы

2022 жылғы 13 қаңтарда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов елорданың 800 тұрғынының қатысуымен «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы» жаңа заңды түсіндіру бойынша семинар өтті. Заң ресми жарияланғаннан кейін 60 күн өткен соң күшіне енеді. Яғни, қарызы бар азаматтар 2023 жылдың наурыз айынан бастап банкроттыққа арыз бере алады. Заң, 3 түрлі – соттан тыс банкроттығы, сот банкроттығы және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімдерін қарастырады. Барлық үш рәсімді тек борышкер ғана бастайды, яғни несие беруші немесе өзге кредитор борышкерге қатысты бұл рәсімдерді қолдануға құқығы жоқ. Бірінші рәсім: Соттан тыс банкроттық тек банктер, микроқаржы ұйымдары және коллекторлық агенттіктер алдындағы қарыздар бойынша қолданылуы мүмкін. Бұл рәсімді қолдану үшін келесі шарттар орын алады: банктер, микроқаржы ұйымдары мен коллекторлар алдындағы берешек 5,5 млн теңгеден (1600 АЕК) аспаса; өтініш берген күннен бастап қатарынан 12–ай ішінде міндеттемелері өтелмеуі тиіс; мүлік, оның ішінде ортақ меншіктегі мүлік жоқ болуы; банкпен берешектер бойынша жұмыс жүргізу; банкроттық 7 жыл бойы қолданылмау қажет. Сонымен қатар, Заң жобасымен: 6 ай ішінде атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар үшін; 5 жылдан астам уақыт қарызы өтелмеген азаматтар үшін ерекше жағдайлар қарастырылған. Соттан тыс банкроттық «Электрондық үкімет» веб-порталында басталады. Содан кейін ақпараттық жүйе арқылы борышкердің кіру критерийлеріне сәйкестігін анықтау мақсатында мүдделі мемлекеттік және [...]
Чтобы получить доступ к этому сообщению, вы должны приобрести Тариф на 3 месяца, Тариф на 6 месяцев или Тариф на 12 месяцев.

Добавить комментарий