Қағаз шот-фактураларды жазып беру туралы

Қағаз шот-фактураларды жазып беру туралы ПРЕСС-РЕЛИЗ ҚР ҚМ МКК сіздің назарыңызға келесіні жеткізеді. Мемлекеттік органдарының ақпараттық жүйелерінде деректердің жоғалуын болдырмау үшін «ҰАТ» АҚ деректерді сақтау жүйелерін жаңарту бойынша техникалық жұмыстар жүргізілді. Аталған жұмыстарға байланысты «ЭШФ» АЖ 2023 жылғы 14 қаңтар сағат 16:00-ден 2023 жылғы 15 қаңтар сағат 17:54-ке дейін қолжетімсіз болды, бұл салық төлеушілердің электрондық құжаттарды рәсімдеу мүмкіндігінің болмауына әкелді. Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 412-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Комитет 2023 жылғы 16 қаңтарда техникалық қатені тану туралы хаттамаға қол қойды. Осылайша, қағаз тасығышта жазылған шот-фактураларды ЭШФ АЖ жүйесіне 2023 жылдың 30 қаңтарына дейін енгізу қажет. ЭШФ АЖ-ге қағаз ЭШФ енгізген кезде ЭШФ АЖ Журналында «қағаз ШФ енгізу» тетігінің көмегімен ЭШФ жазу қажет екенін атап өту маңызды  
Чтобы получить доступ к этому сообщению, вы должны приобрести Тариф на 3 месяца, Тариф на 6 месяцев или Тариф на 12 месяцев.

Добавить комментарий