Қайырымдылық көмек көрсету немесе алу кезінде қолданылатын салық женілдіктері

Қайырымдылық көмек көрсету немесе алу кезінде қолданылатын салық женілдіктерінің тізбесі кеңейтілді Қазақстан Республикасының 2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 165-VII  ҚР Занымен  Салық кодексіне қайырымдылық көмек көрсету немесе алу кезінде салықтарды есептеу бойынша өзгерістер енгізілді. Жаңашылдық 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірстер комитетінде хабарлады. Салық кодексінің 1-бабының жаңа редакциясына сәйкес салық салу мақсаттары үшін төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен жеке тұлғаға мүлікті өтеусіз негізде беру қайырымдылық көмек деп танылады. Жарғылық капиталында мемлекеттің жүз пайыздық үлесі бар заңды тұлға қор нысанында құрылған коммерциялық емес ұйымнан өтеусіз алынған мүлік құнын, мемлекеттік меншік объектілерін күрделі жөндеу мен реконструкциялау құнын корпоративті табыс салығы бойынша кірісіне қоспайды. Қор нысанында құрылған коммерциялық емес ұйым қайырымдылық көмек шеңберінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өтеусіз негізде беру кезінде қосылған құн салығынан босатылады.  
Чтобы получить доступ к этому сообщению, вы должны приобрести Тариф на 3 месяца, Тариф на 6 месяцев или Тариф на 12 месяцев.

Добавить комментарий