Қазақстанда бизнесті қалай тіркеуге болады

Қазақстанда бизнесті қалай тіркеуге болатынын ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады Тіркеу есебін заңды тұлға, резидент емес заңды тұлға, жеке кәсіпкер ретінде жүргізуге болады.             Жеке кәсіпкерді тіркеу 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қою хабарлама жіберу тәртібіне ауыстырылды. Жеке кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарлама электрондық түрде ұсынылады: Қазақстан Республикасының e-license электрондық лицензиялау порталы арқылы электрондық түрде ұсынылады; екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы; «E-Salyq business» мобильді қосымшасы арқылы. Бірлескен дара кәсіпкерлік тіркелген жағдайда бірлескен дара кәсіпкерліктің уәкілетті тұлғасы бірлескен кәсіпкерліктің барлық қатысушыларының атынан қол қойылған сенімхатты ұсынады. Егер өтініш беруші кәмелетке толмаған жағдайда, хабарламаға заңды өкілдердің келісімі, ал мұндай келісім болмаған кезде — неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәліктің көшірмесі не қорғаншылық және қамқоршылық органының шешімі немесе кәмелетке толмаған адамды толық әрекетке қабілетті деп жариялау туралы сот шешімі қоса беріледі. Өзге құжаттарды талап етуге тыйым салынады. Мемлекеттік кіріс органы жеке тұлға көрсетілген құжаттарды ұсынған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде дара кәсіпкерді (бірлескен дара кәсіпкерлікті) мемлекеттік тіркеуді жүргізеді. Қазақстан Республикасы мен қандастардан басқа, ҚР аумағында тұрақты тұратын Ресей Федерациясының, Қырғыз Республикасының, Беларусь Республикасының, Тәжікстан Республикасының, Армения Республикасының азаматтарының жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыра алады.             Заңды тұлғаны тіркеу «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» [...]
Чтобы получить доступ к этому сообщению, вы должны приобрести Тариф на 3 месяца, Тариф на 6 месяцев или Тариф на 12 месяцев.

Добавить комментарий