2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 165-VII Қазақстан Республикасының Заңымен Салық кодексіне қаржылық жалдауға берілген мүлікке салығын салу бойынша өзгерістер енгізілген. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады. Қаржылық жалдауға берілген мүлікке мүлік салығын салу мәселесі реттелді, атап айтқанда, жалға беруші қаржылық жалдауға (қаржылық лизингке емес) берілген мүлік бойынша мүлік салығын төлеуші деп танылатыны анықталды. Мұндай мүлік бойынша салық базасы ҚЕХС немесе бухгалтерлік есепке сәйкес айқындалған дебиторлық берешектің (ұзақ мерзімді) орташа жылдық сомасы болып табылады. Бұл норма 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қаржылық жалдауға берілген мүлікке мүлік салығын салу
23 Янв