Специальные налоговые режимы

Қызметкерлердің жалақысынан бірыңғай төлем қалай есептеледі

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін, оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимдерін қолданатын микро және шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын салық төлеушілер жалақыдан стандартты салық салудың орнына бірыңғай төлем төлей алады. Бірыңғай төлемге: қызметкерлердің табысынан жеке табыс салығы, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар мен аударымдар енгізіледі. 2023 жылы Бірыңғай төлем мөлшерлемесі еңбекақы төлеу қорының 20%   құрайды (мөлшерлемені кезең кезеңімен ұлғайту көзделген: 2024ж. — 21,5%, 2025ж. – 23,8%, 2026ж. – 24,8%, 2027ж. – 25,8% және 2028ж. – 26,3%). Бірыңғай төлемді есептеу кезінде әлеуметтік төлемдер бойынша белгіленген жеңілдіктер ескеріледі. Бірыңғай төлемнің есептелген сомасы қолданылатын салық салу режиміне байланысты 200.00, 910.00 және 920.00 нысанды декларацияларда көрсетіледі. Бірыңғай төлемді төлеу ай сайын «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының шотына есепті айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірілмей жүргізіледі, ол кейіннен бюджетке және тиісті Қорларға төлемдерді бөледі және бірыңғай төлем төлеушілердің есебін жүргізеді. Толық ақпаратты мына вебинардан көруге болады: https://www.youtube.com/live/8nsBNtEI-T8?feature=share
Чтобы получить доступ к этому сообщению, вы должны приобрести Тариф на 3 месяца, Тариф на 6 месяцев или Тариф на 12 месяцев.