«Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану» Мемлекеттік көрсетілетін қызмет e-Gov.kz электрондық үкімет порталында және e-Salyq Azamat, eGov Mobile мобильді қосымшаларында не қағаз жеткізгіште Халыққа қызмет көрсету орталығының жақын жердегі бөлімшесі арқылы қолжетімді. Қызмет соттан тыс банкроттық рәсімін қолдануға және тоқтатуға арыз беруді қарастырады. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады. 3 наурызда азаматтардан банкроттық туралы өтініштерді қабылдау басталды. Сағат 16:00-дегі жағдай бойынша банкроттық туралы соттан тыс 1469 өтініш (eGov арқылы 1399, e-Salyq Azamat арқылы 70) түскен. Алғашқы өтініш электронды үкімет порталы арқылы Жамбыл облысынан сағат 09:05-те түсті. Бейненұсқаулық мына сілтеме бойынша қолжетімді: https://www.youtube.com/watch?v=27pS8RgXUa0 2023 жылғы 3 наурызда күшіне енген «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қазақстандықтар арызды eGov.kz порталы мен eGov Mobile, Salyq Azamat қосымшаларында не Халыққа қызмет көрсету орталығының жақын жердегі бөлімшесі арқылы қағаз түрінде бере алады. Банкроттыққа арызды банкрот болып танылуға ниетті адамның өзі ғана бере алады. Арызды берер алдында мынадай мәліметтерді тексеріңіз қажет: — банктер, микроқаржы ұйымдары, коллекторлық агенттіктер алдындағы берешек 5,5 млн. теңгеден аспауы және кешіктіру мерзімі 12 айдан кем болмауы керек (mkb.kz); — мүлікке, оның ішінде ортақ меншіктегі мүлікке меншік құқығының болмауы (Egov.kz.); — өз телефоныңыздың және жұбайыңыздың нөмірін мобильді азаматтар базасында (MАБ) тіркеу. Ұялы телефон нөмірін тіркеу үшін my.egov.kz сілтемесі бойынша
Жеке тұлғалардың банкроттығы бойынша қызмет
04 Мар