Новости

Мемлекеттік бажды қайтарудың ерекшеліктері

Мемлекеттік кірістер комитетінде мемлекеттік бажды бюджеттен қай жағдайда және қалай қайтаруға болатыны туралы түсіндіріп берді. Мемлекеттiк баж уәкiлетті мемлекеттiк органдардың немесе лауазымды адамдардың заңдық мәнi бар, оның ішінде құжаттарды (олардың көшірмелерін, телнұсқаларын) берумен байланысты әрекеттер жасағаны үшiн алынатын, бюджетке төленетін төлем болып табылады. Мемлекеттік бажды төлеу үшін бюджеттік сыныптаманың екі коды көзделген: 108125 Республикалық бюджетке енгізілетін мемлекеттік бажы; 108126 Жергілікті бюджетке енгізілетін мемлекеттік бажы. Мемлекеттік баждың төленген сомалары тиісті уәкілетті мемлекеттік орган электрондық база арқылы немесе қағаз түрінде оның жүзеге асырылуы үшін осындай төлемдерді төлеу талап етілетін іс-әрекеттерді жасамау фактісін (оның ішінде салық төлеушінің тиісті құжаттарды бергенге дейін іс-әрекеттер жасаудан бас тартуы нәтижесінде) растаған жағдайда, артық төленген болып танылады. Мемлекеттік баждың артық төленген сомасын қайтаруды мемлекеттік кірістер органы салық төлеуші ұсынған салықтық өтініштің және қайтарудың заңдылығын растайтын тиісті мемлекеттік органның құжатының негізінде жүргізеді. Іс бойынша тарап болып табылатын мемлекеттік мекемеден мүдделі салық төлеушіге мемлекеттік бажды өндіріп алуды мемлекеттік кірістер органы салық төлеуші ұсынған салық өтініші және заңды күшіне енген сот шешімі негізінде жүргізеді. Мемлекеттік баж төленетін заңды маңызы бар іс-әрекеттерді және құжаттарды беруді уәкілетті мемлекеттік органдар жүргізеді, сондай-ақ төлем құжатының «төлем мақсаты» жолында төлем туралы егжей-тегжейлі ақпарат көрсетілмейді. Сондықтан мемлекеттік бажды төлеген адамдар заңдық маңызы бар іс-әрекет жасаудан немесе құжатты алудан осы заңдық маңызы бар іс-әрекетті жасайтын органға
Чтобы получить доступ к этому сообщению, вы должны приобрести Тариф на 3 месяца, Тариф на 6 месяцев или Тариф на 12 месяцев.