«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы «Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық Кодексі) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы «Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» №213-VII 2023 жылғы 20 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңымен заңдық маңызы бар іс-әрекеттер жасағаны үшін мемлекеттік баждың кейбір ставкаларын қайта қарау бөлігінде салық заңнамасына өзгерістер көзделген. Мүліктік сипаттағы талап арыздардан соттарда мемлекеттік баж сомасының жоғарғы шегі белгіленді: жеке тұлғалар үшін – талап қою сомасының 1 пайызы, бірақ 10 000 АЕК-тен артық емес; заңды тұлғалар үшін – талап қою сомасының 3 пайызы, бірақ 20 000 АЕК-тен артық емес. 2023 жылғы 21 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң) Сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы өтінішхаттар бойынша ставканы қолдану тәртібі өзгертілді. Осылайша, мемлекеттік баж мөлшерлемесі өтініш берген субъектіге байланысты қолданылады. 2023 жылғы 21 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң) Қазақстан Республикасы азаматының (16 жасқа дейінгі балалар үшін) паспортын бергені үшін ставкалар 8-ден 4 АЕК-ке дейін төмендетілді. Қазақстан Республикасы азаматының паспортын (16 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда) бергені үшін мөлшерлемелер белгіленді: 36 бет – 8 АЕК; 48 бет – 12 АЕК; Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін бергені үшін
Мемлекеттік баж ставкалары өзгерді
04 Апр