Таможенное дело

Кедендік декларацияны «E-salyq Azamat» мобильді қосымша арқылы тапсыруға болады

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жеке пайдалануға арналған тауарды кедендік шекара арқылы әкелу кезінде жеке тұлғалар жолаушылар кедендік декларациясын жеке пайдалануға арналған тауардың шекарадан өту орны бойынша Мемлекеттік кірістер органдарына келу тәртібімен екі тәсілдің бірімен: — декларанттың өзі; — кеден өкілі (егер жеке тұлғаның мүмкіндігі болмаса) ұсынады. Бұл жағдайда кеден өкілінің қызметі ақылы болып табылады (декларациялаудың күрделілігіне байланысты 3,5 мың теңгеден 20 мың теңгеге дейін). Жолаушылар кедендік декларациясын беру процесін жеңілдету мақсатында қазіргі уақытта Мемлекеттік кірістер комитеті «E-salyq Azamat» мобильді қосымшасында модуль әзірледі, ол арқылы жеке тұлғалар орналасқан жеріне қарамастан, үйден шықпай-ақ жолаушылар кедендік декларациясын смартфон арқылы бере алады. Мобильді қосымшада әзірленген модуль халықаралық пошта жөнелтілімдерінде тасымалданатын және экспресс-тасымалдаушылар жеткізетін жеке пайдалануға арналған тауарларды декларациялауға, сондай-ақ жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын қоспағанда, қолма-қол ақша қаражаттары мен ақша құралдарын декларациялауға арналған. Жолаушылар кедендік декларациясын беру үшін Сізге «E-salyq Azamat» мобильді қосымшасын жүктеп алып, мобильді құрылғыңызда бұлтты ЭЦҚ болуы қажет. Негізгі мәзірден «декларацияны тапсыру» тармағын таңдап, «декларацияны тапсыру» батырмасын басу арқылы «Жолаушылар кедендік декларациясы» декларациясының түрін таңдау қажет. Бұл сервис жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік декларациялау рәсімін жеделдету және оңайлату есебінен жеке тұлғалардың уақытша және ақшалай шығыстарын қысқартады. Болашақта кез келген тәсілмен, оның ішінде тауарларға арналған декларацияны қолдана отырып, жеткізілетін тауарлардың барлық түрлерін декларациялауды пысықтау жоспарлануда.
Чтобы получить доступ к этому сообщению, вы должны приобрести Тариф на 3 месяца, Тариф на 6 месяцев или Тариф на 12 месяцев.