Правила ведения бухучета

Филиалдар мен басқа тұлғалар үшін салықты қалай төлеген дұрыс

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті бухгалтерлердің, бюджетпен есеп айырысу бойынша жауапты адамдардың, сот орындаушыларының назарына мынадай ақпаратты жеткізеді. Салық кодексінің 36-бабына сәйкес, егер Салық кодексінде өзгеше белгіленбесе, салық төлеуші салықтық міндеттемені орындауды өз бетінше жүзеге асырады. Бұл ретте төлем құжаттарын рәсімдеу тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 208 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларында (Қағидалар) көзделген. Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйесінде жүргізілетін салық төлеушілердің жеке шоттарына төлемдерді тарату «төлемді жөнелтуші» төлем құжатының бөлігінде көрсетілген салық төлеушінің ЖСН/БСН нөмірлері бойынша автоматты түрде жүргізіледі.       Қағидалардың 15-тармағына сәйкес заңды тұлғаның бюджетке төлемдер, сондай-ақ өзінің оқшауланған бөлімшесі үшін әлеуметтік төлемдер төлеген кезде «төлем тағайындау» бағанында келесі ретпен БСН және міндеттемелері бойынша төлем жүзеге асырылатын заңды тұлғаның оқшауланған бөлімшесінің атауы, төлем мақсаты көрсетіледі. Сондай-ақ Қағидаларда сот орындаушысы борышкердің міндеттемелері бойынша бюджетке төлемдерді атқарушылық іс жүргізу шеңберінде төлеген кезде «төлем тағайындау» бөлігінде келесі ретпен төлем жүзеге асырылатын борышкердің ЖСН, оның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) немесе тегі мен аты-жөні, төлемнің мақсаты көрсетілетіні көзделген. Осылайша, егер төлем құжатының «төлем тағайындау» бөлігінде басқа салық төлеушінің ЖСН/БСН нөмірі көрсетілген жағдайда, онда ақпараттық жүйеде төлемді тарату «төлемді тағайындау» бөлігінде
Чтобы получить доступ к этому сообщению, вы должны приобрести Тариф на 3 месяца, Тариф на 6 месяцев или Тариф на 12 месяцев.