3 жылдық үзілістен кейін ағымдағы жылдың 24 сәуірінен бастап бизнес-процесті оңтайландырумен «Қорғас» ШХЫО қызметі қайта жанданды. Пандемияға дейінгі кезеңмен салыстырғанда жеке тұлғалардың өту процедурасы айтарлықтай реттелген. Жеке тұлғалар үшін жолаушылар кедендік декларациясын мобильді қосымша арқылы беру мүмкіндігі іске асырылды. Бұған дейін жеке тұлғаға жолаушылар кедендік декларациясын өз бетінше тапсыру үшін мемлекеттік кірістер органдарына жүгіну қажет болатын. Енді, 2023 жылғы 20 наурыздан бастап жеке тұлға өзінің орналасқан жеріне қарамастан, «е-Salyq Azamat» мобильді қосымшасында жолаушылар кедендік декларациясын тапсыра алады. Жолаушылар кедендік декларациясы халықаралық пошта жөнелтімдері арқылы жіберілетін және тасымалдаушылар (экспресс – тасымалдаушылар) жеткізетін жеке пайдалануға арналған тауарларға, сондай-ақ жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын қоспағанда, ақшалай қаражатқа/құралдарға рәсімделеді. Нәтижесінде тасымалдаушылар (экспресс-тасымалдаушылар) жеткізетін, халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жіберілетін жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік декларациялау рәсімін едәуір жеделдетуге және жеңілдетуге, сондай-ақ ақша қаражаттары мен ақша құралдарын декларациялауға қол жеткізілді.
«е-Salyq Azamat» қосымшасында жолаушылар кедендік декларациясын тапсыруға болады
26 Июл