Мемлекеттік кірістер комитетінде «Апта сауалы» айдарында аясында өткен аптаның ең үздік сауалына жауап берді. Сұрақ жалпыға бірдей декларациялау шеңберінде декларацияны тапсырудың мерзімі 2023 жылғы 15 қыркүйекте аяқталуымен байланысты. Жеке тұлғаның сауалы: Декларацияның ( 250.00 нысанды «Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларация» /270.00 нысанды «Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларация») қабылданғанын/қабылданбағанын қалай және қайдан білуге болады? МКК жауабы: Декларацияның (250.00 нысанды «Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларация» / 270.00 нысанды «Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларация» нысаны) қабылданғаны немесе қабылданбағаны туралы хабарламаны Сіз декларацияны табыстаған қосымшадан немесе кез келген келесі қосымшалардың бірінен қарап/жүктеп алуыңызға болады: — e-Salyq Azamat («Декларация табыстау» бөлімінде/«СЕН табыстаудың тарихы»); — «Салық төлеушінің кабинеті» арқылы («Салық есептілігінің нысандары» бөлімінде/ «Нысандар журналы»).
Декларацияның қабылданғанын қалай білуге болады
19 Сен