Новости

Мемлекеттік кірістер комитеті криптовалюта құнын күн сайын жариялайды

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті күн сайын цифрлық активтердің құны туралы мәліметтерді жариялайды. Мәліметтер цифрлық активтердің құны туралы және өзге де ақпаратты беретін тұлғалармен жасалған шарт негізінде жинақталады. Егер ондай шарт болмаса, Комитет күнделікті CoinMarketCap (coinmarketcap.com) ашық ақпарат көзінен бір тәуліктегі (24 сағат) цифрлық активтердің құнын анықтайды. Ол үшін  цифрлық активтердің нарықтық капитализациясы және цифрлық активтердің айналымының көлемі басты назарға алынады. Осыған дейін цифрлық активтердің құнын және олардың түрлерінің тізбесін айқындау, жариялау тәртібі «Астана» Халықаралық қаржы орталығымен бірлесіп, бекітілген болатын («Астана» ХҚО-ның 23.06.2023ж. №208 бұйрығы, ҚР ҚМ-нің 31.05.2023ж. №578 бұйрығы). Белгілі бір шетел валютасына тіркелген құны бар цифрлық активтер айналым жасалған күннің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған тиісті шетел валютасын айырбастаудың нарықтық бағамын қолдана отырып, Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасына қайта есептеледі. Bitcoin (BTC), BitcoinCash (BCH), Dash (DASH), Dogecoin (Doge), EthereumClassic (ETC), Horrizen (ZEN), Litecoin (LTC), Monero (XMR), Litecoin (LTC), Siacoin (SC), Thronix (TRX), Zcash (ZEC) цифрлық активтерінің құны сайтта жарияланады. Ақпаратты сілтеме бойынша алыңыз: https://token.qoldau.kz/ru/references/crypto-currency/list. Толық ақпаратты Instagram желісінде МКК-нің @press_kyzmet_kgd парақшасында 2023 жылдың 27 қыркүйегінде сағ.12-00-де өтетін тікелей эфир кезінде алуға болады.  
Чтобы получить доступ к этому сообщению, вы должны приобрести Тариф на 3 месяца, Тариф на 6 месяцев или Тариф на 12 месяцев.