Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінде салықтар мен төлемдерді шетел валютасымен бюджетке төлеудің тәртібін түсіндіріп, тиісті реквизиттермен бөлісті.
«Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Салық кодексінде көзделген жағдайларда салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге байланысты операцияларды жүргізу жағдайларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында резиденттер арасындағы валюталық операцияларға тыйым салынады.
Ақшаны шетел валютасымен есептеу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде валюта түрлері бойынша ашылған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің ағымдағы шоттарына жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінің ағымдағы шоттарына шетел валютасымен ақша аударуға арналған деректемелер ҚР ҚМ МКК сайтында (www.kgd.gov.kz) «Ақпараттық ресурстар»/«Анықтамалықтар»/Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінің ағымдағы шоттарына шетел валютасымен ақша аударуға арналған деректемелер бөлімінде орналастырылған:
Банктің атауы: National Bank of the Republic of Kazakhstan
SWIFT код: NBRKKZKX
Шот Нөмірлері: KZ91125USD2015300142
KZ81125EUR2006300142
KZ21125RUB2010300142
KZ51125GBP2007300142
KZ47125CHF2003300142
KZ03125JPY2016300142
KZ32125CNY1001300142
Делдал банктер
Валюта | SWIFT код | Банктің делдал атауы | Шот Нөмірі |
USD | FRNYUS33 | FEDERAL RESERVE BANK OF NY | 021087219 |
USD | CITIGB2L | CITIBANK N.A. CITIGROUP, London | 14581482 |
EUR | MARKDEFFXXX | Deutsсhe Bundesbank, Zentral Frankfurt am Main (De) | 5040040039 |
RUB | INEARUMMXXX БИК 044525362 Корсчет 30101810800000000362 ИНН 9909400764 | Межгосударственный Банк, г.Москва | 30111810800000000039 |
GBP | CITIGB2L Sort Code:18-50-08 Account: 0017477074 | Citibank N.A., London | IBAN GB98CITI18500817477074 |
CHF | UBSWCHZH80A | UBS AG, Zurich | 02300000069095050000Y |
JPY | BOTKJPJT | Bank of Tokyo-Mitsubishi, Ltd., Tokyo | 653-0416290 |
CNY | ICBKCNBJBJM | Industrial and Commercial Bank of China (Beijing Municipal Branch) Beijing | NRA0200000329200069253 |
Төлем тапсырмасын ресімдеу кезінде шетел валютасымен төлеген кезде төлемнің егжей — тегжейінде ақша жөнелтушінің атауы және (немесе) БСН алушы мемлекеттік кіріс органының атауы және (немесе) БСН (12 сан) және бюджеттік сыныптаманың коды (ББК, 6 Сан) көрсетілуі қажет.
Мемлекеттік кірістер органдарының атауы мен БСН МКК (www.kgd.gov.kz) сайтында «Ақпараттық ресурстар»/«Анықтамалықтар»/ «Анықтамалық (кодификатор)» Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары бойынша бюджетке төлемдерді есептеу үшін БСН мен деректемелері көрсетілген бөлімінде орналастырылған.