Жалпыға бірдей декларациялау жүйесі барлық азаматтардың «кіру» декларациясын беруінен тұрады, онда жеке тұлғаның барлық шетелдік активтері, жылжымалы, жылжымайтын мүлкі көрсетіледі. Мыналар секілді:
— бағалы қағаздар, цифрлық активтер (биткоиндер және басқалар)
— үлестік қатысу шарты (тұрғын ғимараттағы үлесі)
— инвестициялық алтын (құйма алтын)
— зияткерлік меншік және авторлық құқық объектілері
— 34,5 млн. теңге (10 000 АЕК) шегіндегі қолма-қол ақша
— 31.12.2023 жылға дейін нотариалды куәландырылған басқа тұлғалармен қарыз шарттары
— құны 3,4 млн. теңгеден асатын басқа мүлік (қалауы бойынша) (мәдени құндылықтар, зергерлік бұйымдар, асыл тұқымды жануарлар және т.б.) — бағалауды декларация тапсырылғанға дейін (31.12.2023ж. жағдай бойынша) жасау қажет.
— шетелдік компаниядағы қатысу үлесі
— шетелдегі жылжымайтын мүлік және көлік
— шетелдік банктегі ақша 7,3 мың АҚШ долларынан астам АҚШ ДОЛЛ. ҚҰРАДЫ (1 000 АЕК).