Бүгін Қазақстан Республикасының Қаржы министрі «Қазақстан Республикасының өңірлерінде су тасқынынан зардап шеккен адамдар үшін салықтық әкімшілендіруді реттеудің өзге тәртібін белгілеу туралы» бұйрыққа қол қойды (2024 жылғы 17 сәуірдегі № 219 бұйрық). Бұйрық жарияланған уақыттан бастап қолданысқа енеді. Құжат төтенше жағдай режимі жарияланған өңірлерде су тасқынынан зардап шеккен адамдар үшін салық міндеттемелерін орындау мерзімін ұзарту мақсатында әзірленді. Жеңілдіктерді әкімдіктердің су тасқынынан зардап шеккендердің тізіміне енгізілген салық төлеушілер қолдана алады. Аталған тұлғалар үшін 2024 жылғы 1 шілдеге дейін: — төлеу мерзімі 2024 жылғы 1 наурыздан 30 маусымға дейінгі кезеңде басталатын, барлық салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер бойынша төлеу кейінге қалдырылды; — 2024 жылғы 1 наурыздан бастап 30 маусымға дейінгі кезеңде басталатын салық есептілігін тапсыру мерзімдері ауыстырылды; — мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету және салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қабылдау тоқтатыла тұрады; — орындау мерзімі 2024 жылғы 1 наурыздан бастап 30 маусымға дейінгі кезеңде басталатын, камералдық бақылау нәтижелері бойынша хабарламаны орындау мерзімі ұзартылды. Сондай-ақ, салықтық тексерулер (кешенді, тақырыптық, қарсы, хронометраждық зерттеп-қарау) тоқтатыла тұрады, бұл ретте тоқтата тұру мерзімі тексеру мерзіміне және талап қою мерзіміне кірмейді. Сонымен қатар зардап шеккен адамдарға қатысты жаңадан салықтық тексеруді тағайындауды тоқтата тұру көзделген. Одан бөлек, уақытылы төленбеген салықтар бойынша 2024 жылғы 1 наурыздан 1 шілдеге дейін өсімпұлды есептеу тоқтатыла тұрады. Аталған
Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде салық міндеттемесін жеңілдету
18 Апр