Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Елдос Сметов Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде болды. Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов «e-Salyq Азамат» мобильді қосымшасы туралы өз пікірімен бөлісті: — Алматы қаласының тұрғындары, мен бүгін салық органына өзімнің көлігіме салық төлеуге келіп едім. Маған қызметкерлер «e-Salyq Азамат» қосымшасы туралы хабардар етті. Ең оңай тәсіл екен, салық органдарына келмесе де болады екен. Сіздерге «e-Salyq Азамат» мобильді қосымшасын жүктеп алуға кеңес берем, — деді ол. — Барша қазақстандықтарға «e-Salyq Азамат» мобильді қосымшасының негізгі қызметтері туралы еске саламыз. Мобильді қосымша арқылы азаматтар мүлік салығын, жер салығын және көлік салығын «Салық әмияны» электронды сервисі арқылы онлайн түрде төлей алады, қарыз сомасын көре алады. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтерді алу үшін алдын-ала кезекті броньдауға болады. Мобильді қосымшаның басқа да пайдалы сервистері бар, олар туралы толық ақпарат Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми ресурстарында қол жетімді.
Чемпиондар «e-Salyq Азамат» қосымшасын қолданады
01 Авг