Қазақстанда салық заңнамасына қандай өзгерістер енеді 2021 жылғы 20 желтоқсанда «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық кодексі) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының № 85-VII Заңына және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойылды, олар мынадай негізгі өзгерістерді көздейді: салық органдары қалыптастырған салық төлеушінің деректеріне олардың салық міндеттемелерін орындауы туралы ашық рұқсат беру мақсатында және халықты (сатып алушыларды, қызметтерді пайдаланушыларды), контрагенттерді және т. б. хабардар ету мақсатында «салық төлеушінің паспортын» енгізу; «салықтық мобильді қосымшаны» енгізу арқылы жеке тұлғаларға мүлік салығы, жер салығы және жеке тұлғалардың көлік құралдары салығы бойынша салық міндеттемелерінің есептелген сомалары туралы және (немесе) салық берешегінің сомасы туралы мәліметтер ұсынылады, сондай-ақ салық органы есептеген салық сомалары туралы хабарламалар тапсырылады; мәліметтерді беру бөлігінде: мобильді төлемдер арқылы ағымдағы шотқа түскен күнтізбелік жыл үшін төлемдердің жиынтық сомалары бойынша; ай сайын жекелеген арнаулы салық режимдерін қолданатын және осындай мәліметтер бойынша банктік құпияны ашуға келісім бере отырып, «Е-Salyq Business» мобильді қосымшасын пайдаланатын жеке кәсіпкердің банктік шотына келіп түскен қорытынды сомалар бойынша. ЖК немесе жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебінде тұрмайтын жеке тұлғалар бойынша белгілі бір критерийлер бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан
Салық кодексіне қандай өзгерістер еңгізілді
30 Дек