СЭҚ ТН кодтары жаңартылды

Электронды шот-фактураларда сыртқы экономикалық қызметтің тауарлар номенклатурасының кодтары жаңартылды 2022 жылдың 13 қаңтарында сағ. 22:00-де «Электронды шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінде Сыртқы экономикалық қызметтің тауарлар номенклатурасы (СЭҚ ТН) кодтарының сабақтастығы тетіктерін пысықтау бөлігінде жүйені жаңарту жүргізілді. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады. Бастапқы тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу кезіндегі Сыртқы экономикалық қызметтің тауарлар номенклатурасы (СЭҚ ТН)  кодтарының сабақтастығы: егер тауарды жөнелту күніне сыртқы экономикалық қызметтің тауарлар номенклатурасы коды белсенді болмаса және мұрагері болса, сыртқы экономикалық қызметтің тауарлар номенклатурасы кодын өзгерту мүмкіндігі қосылды. Бұл жағдайда жүйе автоматты түрде сыртқы экономикалық қызметтің тауарлар номенклатурасы кодын Виртуалды қойманың жаһандық анықтамалығынан мұрагерге ауыстырады; егер бастапқы тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу кезінде тауарды тиеп-жөнелту күніне сыртқы экономикалық қызметтің тауарлар номенклатурасы коды белсенді болмаса және мұрагері БОЛМАСА, жүйе қолданыстағы сыртқы экономикалық қызметтің тауарлар номенклатурасының басқа кодын көрсетуге рұқсат береді; Бұл ретте сыртқы экономикалық қызметтің тауарлар номенклатурасы кодының тауарларға ілеспе жүкқұжаттар негізіндегі ЭШФ тауарларға ілеспе жүкқұжаттарда көрсетілген кодқа сәйкес келуі тиіс. 13.01.2022 жылдан бастап тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу кезінде тауарды тиеп-жөнелту күніне қолданылатын сыртқы экономикалық қызметтің тауарлар номенклатурасы кодтарын пайдалану қажет. Импортқа/экспортқа тауарларға ілеспе жүкқұжаттарда, егер тиеп-жөнелту күні толтырылмаса, жазып беру күніне қолданылатын сыртқы экономикалық қызметтің тауарлар номенклатурасы кодтарын пайдалану қажет. Сыртқы экономикалық қызметтің тауарлар номенклатурасы кодының тауарларға ілеспе [...]
Чтобы получить доступ к этому сообщению, вы должны приобрести Тариф на 3 месяца, Тариф на 6 месяцев или Тариф на 12 месяцев.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *