Новости

«е-Salyq Business» қосымшасы 2022 жылда

«Е-Salyq Business» қосымшасы — кәсіпкерлер үшін жаңа мобильді мүмкіндіктер Мемлекеттік кірістер комитетімен «e-Salyq Business» мобильді қосымшасы  әзірленіп, 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосылды.  Жаңа цифрлық шешім жеке кәсіпкерлерге  салық міндеттемесін орындауды жеңілдетеді, ол әсіресе жаңадан тіркелген кәсіпкерлерге ыңғайлы. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады. Салық кодексінің ағымдағы жылдан бастап қолданысқа енгізілген ережелеріне сәйкес аталған қосымша арнаулы мобильді қосымшаны пайдаланумен немесе оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлердің салық міндеттемелері мен әлеуметтік төлемдер бойынша міндеттемелерін орындауын оңайлатуға арналған. Бұдан басқа, Комитетпен патент негізінде арнаулы салық режимін  қолданатын кәсіпкерлерге арналған қосымшаның функционалын пилоттық жоба шеңберінде қолдану мүмкіндігін көздейтін Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрық жобасы әзірленді. Қазіргі уақытта бұйрық жобасы ұсыныстарды, оның ішінде «Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасынан алынған ұсыныстарды, сондай-ақ жобаға сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу қорытындылары бойынша ескертулерді ескере отырып пысықталады. Қосымшаның функционалы жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге, салық режимін таңдауға және өзгертуге, чектер беруге, кірістер тізілімін қалыптастыруға және салық және әлеуметтік төлемдер бойынша міндеттемелерді қосымшамен автоматты түрде есептеу үшін қызметкерлердің кірістерінің есебін жүргізуге және оңайлатылған декларацияның тиісті жолдарын толтыруға мүмкіндік береді. Патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын кәсіпкерлер «e-Salyq Business» мобильді қосымшасының пайдаланушылары бола отырып, патент құнының есеп-қисабын ұсынудан және табыс алғанға дейін алдын ала
Чтобы получить доступ к этому сообщению, вы должны приобрести Тариф на 3 месяца, Тариф на 6 месяцев или Тариф на 12 месяцев.