Новости

Азық-түлік бағасының өсуіне жол бермеу

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының өсуіне жол бермеу үшін шаралар қабылдануда Электронды шот-фактуралар ақпараттық жүйесі негізінде Қазақстан Республикасының аумағында бақыланатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын және тас көмірді әкімшілендіруді жетілдіру үшін пилоттық жобаны іске қосу жоспарлануда. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттк кірістер комитетінде хабарлады. Инфляцияның өсуіне, азық-түлік өнімдері мен мұнай өнімдеріне бағаның өсуіне жол бермеу жөніндегі шаралар шеңберінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті «Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі негізінде Қазақстан Республикасының аумағында бақыланатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын және (немесе) тас көмірді әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрі бұйрығының жобасын әзірледі. Осы бұйрықпен әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен көмірді өткізу кезінде электрондық шот-фактураларды (ЭШФ) шығару бойынша салық төлеушілердің міндетін енгізу бөлігінде пилоттық жобаны 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін іске асыру көзделеді. «Бұйрық жобасы Ашық НҚА (LEGALACTS) порталында орналасқан, сілтемесі: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=13982807 Барлық мүдделі тұлғаларды, қоғамдық бірлестіктерді, бизнес ассоциацияларды және салық төлеушілерді осы жобаны талқылауға белсенді қатысуды сұраймыз», — деп атап өтті МКК-де.   Нұр-Сұлтан қаласы   Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі негізінде Қазақстан Республикасының аумағында қадағаланатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын және (немесе) тас көмірді әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидаларын бекіту туралы   «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер
Чтобы получить доступ к этому сообщению, вы должны приобрести Тариф на 3 месяца, Тариф на 6 месяцев или Тариф на 12 месяцев.