Новости

Тауарларды бажсыз әкелудің құндық шегін арттыру

Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі «Жеке пайдалануға арналған тауарларға байланысты жекелеген мәселелер туралы» Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 107 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2022 жылғы 17 наурыздағы № 35 шешімін қабылдады. Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң, яғни 2022 жылғы 31 наурыздан бастап күшіне енеді (Еуразиялық экономикалық комиссияның ресми сайтында 2022 жылғы 21 наурызда жарияланған). Шешімде 2022 жылғы 1 қазанға дейін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тасымалдаушы жеткізетін немесе халықаралық почта жөнелтілімдерімен жіберілетін жеке пайдалануға арналған тауарларды бажсыз әкелудің құндық шегін 200 евродан 1000 евроға дейін арттыру көзделген. Бұл ретте салмақ шегі қолданыстағы шектерде қалады – 31 кг дейін. Көрсетілген кезеңде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тасымалдаушы жеткізетін немесе халықаралық пошта жөнелтілімдерімен 1000 еуро және 31 кг шегінде жіберілетін жеке пайдалануға арналған тауарларға кедендік төлемдер салынбайды. Бұл шек уақытша негізде – 2022 жылғы 1 қазанға дейін ұлғайтылды. Осылайша, 2022 жылғы 31 наурыздан бастап 1 қазанға дейінгі кезеңде, егер сәлемдеменің құны 1000 евро сомасынан асып кетсе және (немесе) оның салмағы 31 кг-нан асатын болса, алушы құнның 15% мөлшерінде, бірақ құнның және (немесе) салмақ нормасының асып кетуі бөлігінде 1 кг үшін 2 евродан кем емес кедендік баж төлеуі қажет.
Чтобы получить доступ к этому сообщению, вы должны приобрести Тариф на 3 месяца, Тариф на 6 месяцев или Тариф на 12 месяцев.