Кедендік тексеру: түрлері, мерзімі және не тексеріледі? Кедендік тексеру тұлғалардың кеден заңнамасын сақтауын тексеру мақсатында тауарларды шығарғаннан кейін кеден органымен жүргізіледі. Кедендік тексерулер жүргізу тәртібі Еуразиялық экономикалық одақ Кеден кодексінің 45-тарауымен және «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 47-тарауымен регламенттелген. Кедендік тексеру декларантқа, тасымалдаушыға, уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орындарда тауарларды уақытша сақтауды жүзеге асыратын немесе тауарлар шығарылғаннан кейін оларға қатысты өкілеттіктері бар тұлғаларға, уәкілетті экономикалық операторға, кедендік рәсіммен орналастырылған тауарлармен жасалған мәмілелерге тікелей немесе жанама түрде қатысқан тұлғаға және басқа да қатысы бар тұлғаларға қатысты жүргізіледі. Кедендік тексеру кезінде не тексеріледі? Кедендік тексеруді жүргізу кезінде: — тауарларды кедендік рәсіммен орналастыру фактісі; — кедендік декларацияда мәлімделген және құжаттардағы мәліметтердің анықтығы; — шартты түрде шығарылған тауарларды пайдалану немесе оларға билік ету бойынша шектеулердің сақталуы; — кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың кеден заңнамасында көзделген міндеттерді орындауы; — уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізілуге үміткер заңды тұлғаның осындай тізілімге енгізу шарттарын сақтауын және кеден заңнамасында көзделген өзге міндеттерді орындауы; — кеден заңнамасында көзделген кедендік рәсімдерге сәйкес тауарларды пайдалану шарттарының сақталуы тексерілуі мүмкін. Кедендік тексеру түрлері Кедендік тексеру камералдық немесе көшпелі болуы мүмкін. Камералдық кедендік тексеруді кеден органының орналасқан жері бойынша кеден органдары тексерілетін тұлғаға бармай, сондай-ақ камералдық кедендік тексеруді жүргізу туралы
Кедендік тексеру: түрлері, мерзімі және не тексеріледі?
06 Июл