Жұмыс берушілерден міндетті зейнетақы жарналарын кезең-кезеңімен енгізу Әлеуметтік кодекс жобасында зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыру бойынша жаңа шаралар кешені қарастырылған. Соның бірі – 2023 жылдан 2027 жылға дейін жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЗЖ) кезең-кезеңімен енгізу. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі түсіндіргендей, бұл жаңалық лайықты демалысқа шыққан азаматтарға жинақталған жүйеден қосымша зейнетақы төлемдерін алуға мүмкіндік береді. Министрлік бүгінде Қазақстанда базалық және ынтымақты зейнетақыларды, сондай-ақ БЖЗҚ зейнетақы төлемін (қызметкердің зейнетақы жинақтары есебінен қалыптастырылатын) қамтитын көп деңгейлі зейнетақы жүйесі қалыптасқанын атап өтті. Бұл ретте зейнетақының ынтымақты бөлігі жыл сайын азаяды, өйткені оны тағайындау кезінде тек 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін, яғни жинақтаушы жүйе енгізілгенге дейінгі жұмыс өтілі есепке алынады. Ал қызметкердің өзінің БЖЗҚ-ға аударған жарнасының 10 пайызы тиісті зейнетақымен қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз. Еңбек министрлігі әлемдік тәжірибеде зейнетақымен қамтамасыз етуде маңызды рөл жұмыс берушіге жүктелетінін атап өтті. Мысалы, Малайзияда қызметкер табысының 23% жұмыс берушілер зейнетақы қорына 12%, қызметкер 11% аударады; Австралияда тек жұмыс беруші 9,5% төлейді; Беларусьте – 29%, оның ішінде жұмыс беруші – 28%; Германияда – 18,6%, оның ішінде жұмыс беруші – 9,3%. Қазақстанда ЖТҚ енгізу халықты зейнетақымен қамтамасыз ету жауапкершілігін мемлекет, жұмыс беруші және жұмыскер арасында бөлуге мүмкіндік береді, сондай-ақ жоғалған кірістің барабар зейнетақы төлемдерімен ауыстырылуын қамтамасыз етеді. Сонымен бірге,
Жұмыс берушілерден міндетті зейнетақы
23 Сен