15 қарашаға дейін салық есептілігін тапсыруды ұмытпаңыз
2022 жылғы 15 қарашада келесі нысандар бойынша салық есептілігін тапсыру мерзімі аяқталады:
ф.101.03 — Резиденттің табысына салынатын төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есебі;
ф.101.04 — Резидент еместің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есебі;
ф.200 — Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация;
ф.300 — Қосылған құн салығы бойынша декларация;
ф.400 — Акциз бойынша декларация;
ф.421 — Құрылымдық бөлімше немесе салық салуға байланысты объектілер үшін акциз салық есебі;
ф.570 — Экспортқа рента салығы бойынша декларация;
ф.590 — Пайдалы қазбаларды өндiру салығы бойынша декларация;
ф.710 — Ойын бизнесі салығы және тіркелген салық бойынша декларация;
ф.860 — Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша салық декларация;
ф.870 — Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы бойынша салық декларация;
ф.913 — Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін декларация.
Декларацияны ұсыну тәсілдері:
— «Салық төлеушінің кабинеті» веб-қосымшасы (cabinet.salyk.kz);
— СОӨЖ ақпараттық жүйесі (бағдарламаны МКК сайтынан тегін жүктеп алуға болады);
— қағаз түрінде.
Бұл ретте, есептілік тапсырудың соңғы күндерінде ақпараттық жүйе мен байланыс арналарына жүктеменің артуын болдырмау мақсатында салық есептілігін алдын-ала ұсынуға кеңес береміз. Одан бөлек, декларация ұсыну мерзімдерін ұзартуға болатынын еске саламыз.