Новости

Электомобильді кедендік баждан босату

Кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босата отырып, электромобильдерді әкелу мәселесі бойынша Жеке тұлғалар жеке пайдалануға арналған электромобильді импорттау кезінде жылына бір рет жолаушыларға арналған кедендік декларацияны тапсыра алады және кедендік төлемнің жиынтығында 1 электромобильді кедендік баждарды және салықтарды төлеуден босата алады. Ол үшін Қазақстан Республикасының азаматы және Қазақстан Республикасында тұрақты тұрғылықты жері болуы қажет. Бұл ретте, азаматқа осы электромобильді кедендік тазарту уақытынан бастап 3 жыл ішінде Ресей Федерациясының азаматтығы немесе Ресей Федерациясының тұрақты тұрғылықты жері бар тұлғаларға иелену, пайдалану, билік ету құқығын беруге тыйым салу түріндегі шектеулер қойылады. Азаматтар жолаушыларға арналған кедендік декларацияны тапсыру үшін Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжатын, сондай-ақ тауарға ілеспе құжаттарды ұсына отырып өзі, кеден бекетінің инспекторына жүгіне алады (егер электромобиль Қытайдан әкелінген болса CMR, ТТН, сатып алу келісім шарты/инвоис, көлік құралының қауіпсіздігі туралы куәлік, тех.паспорты, экспорттық декларация). Сондай-ақ уақытыңыз болмаған жағдайда кеден өкілдерімен (брокерлік компаниялар) шарт жасасу арқылы қызметтерін пайдалануға мүмкіндігіңіз бар. Заңды тұлғалардың электромобильдерді әкелуі кезінде сонымен қатар кедендік төлемдерден ғана босату қарастырылған, ал салықтарды олар төлеулері қажет. Бұл ретте, мұндай тауарлар шартты түрде шығарылған болып есептеледі және сонымен қатар оларға да Ресей Федерациясына сатуға шектеулер қойылған. Заңды тұлғалар тек Дүниежүзілік сауда ұйымының мөлшерлемелері шеңберінде кедендік баждарды төлеуден босатылады. Шешімнің толық мәтінімен Еуразиялық экономикалық комиссиясының ресми сайтының құжаттар
Чтобы получить доступ к этому сообщению, вы должны приобрести Тариф на 3 месяца, Тариф на 6 месяцев или Тариф на 12 месяцев.