Новости

Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң жобасы

ҚР Президенті жанындағы “Орталық коммуникациялар қызметі” алаңында өткен брифингте Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң жобасының негізгі ережелері туралы айтып берді. Мемлекет басшысы 2022 жылғы 5 қаңтарда жеке тұлғаларды банкрот деп тануды көздейтін заң жобасын әзірлеу жөнінде тапсырма берді. Осы заң жобасын әзірлеуге себеп болған – халықтың шамадан тыс кредиттік ауыртпалықтары мен жалпы азаматтардың едәуір бөлігі өздерінің қаржылық жағдайларының нашарлауымен бетпе-бет келгендігі. Ағымдағы жылдың 1 қазандағы жағдай бойынша 1,4 млн адамның жалпы сомасы 1 449 млрд теңгені құрайтын 90 күннен астам мерзімі өткен несиесі бар (бір қарыз алушының максималды кешіктіруі ескерілді). Бес жылдан астам қарыздарына қызмет көрсете алмайтын тұлғалардың саны 504 млрд теңге сомасында 365 мың адамды (немесе проблемалық қарыз алушылардың жалпы санынан 27%) құрайды. Осылайша, рәсімдердің 3 түрін енгізуді ұсынып отырмыз. Барлық үш рәсімді тек борышкер ғана бастайды, яғни несие берушінің борышкерге қатысты бұл рәсімдерді қолдануға құқығы жоқ. Бірінші рәсім: Соттан тыс банкроттық рәсімі, оған азаматтар келесі шарттар бойынша өтініш бере алады: банктер, микроқаржы ұйымдары мен коллекторлар алдындағы берешек 4,9 млн теңгеден (1600 АЕК) аспаса; ресми кірісі жоқ немесе ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын табыс – 36018 теңге. Бұл жағдайда борышкердің мүлкі болмауы керек және қарыздар бойынша банкпен есеп айырысу рәсімін жүргізу қажет. Соттан тыс банкроттық тек банктер, МҚҰ және коллекторлық агенттіктер алдындағы қарыздар бойынша қолданылуы мүмкін. Соттан тыс банкроттықты
Чтобы получить доступ к этому сообщению, вы должны приобрести Тариф на 3 месяца, Тариф на 6 месяцев или Тариф на 12 месяцев.