Новости

«E-gov» порталында декларацияны тапсырудың жаңа сервисі іске қосылды

Жалпыға бірдей декларациялау аясында салық декларациясын тапсыру үшін жаңа функционал іске қосылды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекттік кірістер комитетінде хабарлады. «Электрондық үкімет» порталында (Е-gov.kz) «Кеден және салықтар», «Салық салу» бөлімінде кірістер мен мүлік туралы декларацияны (270.00-нысан) электронды түрде ұсыну бойынша функционал іске қосылды. Салық кодексінің 633-бабына сәйкес кірістер мен мүлік туралы декларацияны (270.00-нысан) Салық кодекстің 630-бабының 1-тармағында аталған жеке тұлғалар жыл сайын, активтер мен міндеттемелер туралы декларация (250.00-нысан) ұсынылатын жылдан кейінгі жылдан бастап есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша ұсынады. Ағымдағы жылы аталған декларацияны 2021 жылы, яғни бірінші кезеңде, декларациялау жүйесіне кірген тұлғалар тапсырады. Еске сала кетейік, декларацияны тапсыру мерзімі: 15 шілдеге дейін – қағаз түрінде 15 қыркүйекке дейін – электронды түрде Декларацияны электронды түрде «Салық төлеушінің кабинеті» (kgd.gov.kz) және «e-Salyq Аzamat» мобильді қосымшасы арқылы да тапсыруға болады. Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250.00-нысан) да Е-gov.kz порталы арқылы тапсыруға болады. Оны ағымдағы жылы мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор ұйымдарының қызметкерлері мен олардың жұбайлары ұсынуы қажет.
Чтобы получить доступ к этому сообщению, вы должны приобрести Тариф на 3 месяца, Тариф на 6 месяцев или Тариф на 12 месяцев.