Шетелден жеке пайдалануға арналған тауарларды әкелгенде нені білу керек? Жыл сайын интернет-дүкендерге деген қызығушылық артып келеді. Мысалы, өткен жылы 2021 жылмен салыстырғанда өсім 30% құрады. Кейбір азаматтар автомобиль, теміржол, су көлігімен де жеке пайдалануға арналған тауарларды әкелуде. Мемлекеттік кірістер комитетінде қандай жағдайда осындай тауарларды кедендік баждар мен салықтарды төлемей әкеле алатынын түсіндірді. Кедендік баждар мен салықтарды төлемей-ақ, жеке пайдалануға арналған тауарларды автомобиль, теміржол, су көлігімен немесе жаяу жүру арқылы әкелуге болады. 2023 жылғы 1 сәуірге дейін құны 1 000 еуроға баламалы сомадан аспайтын және (немесе) салмағы 31 кг-нан аспайтын, ал 2023 жылғы 1 сәуірден бастап құны 500 еуроға баламалы сомадан аспайтын және (немесе) салмағы 25 кг-нан аспайтын аталған тауарларды осындай тәртіппен әкелуге болады. Ережелер Еуразиялық одаққа мүше елдерді қоспағанда, барлық мемлекеттерге қолданылады. Сондықтан баж салығын төлеу келесі елдерге қолданылмайды: Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы. Материалда жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларын, Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) кедендік шекарасы арқылы өткізу ерекшеліктері туралы айтатын боламыз. ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларды жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызу критерийлері Жоғарыда аталған тасымалдау нормалары жеке пайдалануға арналған тауарларға ғана қатысты. Жеке пайдалануға арналған тауарлар — жеке, отбасылық, үйге арналған және басқа, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес, жеке тұлғалардың қажеттіліктері, Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) кедендік шекарасы арқылы ілеспе немесе ілеспе багажбен жіберу арқылы тасымалданатын
Шетелден жеке пайдалануға арналған тауарларды әкелгенде…………………….
09 Янв