Новости

ЕАЭО елдерінен астық пен дәнді дақылдардың жекелеген түрлерін импорттау және экспорттау

Мемлекеттік кірістер комитеті 2023 жылғы 10 ақпаннан бастап астық пен дәнді дақылдардың жекелеген түрлерін импорттау және экспорттау кезінде тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды (бұдан әрі –ТІЖ) ресімдеу міндеттелгенін еске салады (Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2022 жылғы 22 қарашадағы №1178 бұйрығы). Тасмалдаушы ЕАЭО елдерінен (Ресей, Беларусь, Қырғыстан және Армения) астықты импорттау кезінде мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлеріне ТІЖ ұсынуы қажет. Электрондық шот — фактуралардың ақпараттық жүйесінде (ЭШФ АЖ) жүк иесі ТІЖ — ын электронды түрде толтырылады (https://esf.gov.kz:8443/esf-web/login). ЭШФ АЖ жүйесіне тіркелу мен жұмыс жасау тегін. ТІЖ — ның болуы, жүк құжаттарды тексеру процедурасын едәуір жеңілдетеді және ЕАЭО елдерімен шекарадан өту уақыты қысқартылатынын назарларыңызға жеткіземіз. ТІЖ – ғы мәліметтер жүк құжаттарындағы мәліметтерге сәйкес келуі тиіс, нақты тасмалданған жүк бойынша сәйкессіздіктер анықталған жағдайда әкімшілік айыппұл қарастырылғын (20 ден 100 дейін АЕК, ҚР ӘҚБтК – нің 283-1 бабы)  . ТІЖ – ні толтыру тәртібімен келесі сілтемелерден танысуға болады: https://youtu.be/VUq9to_MKCs, https://youtu.be/7ZE1sJL7Wc0.
Чтобы получить доступ к этому сообщению, вы должны приобрести Тариф на 3 месяца, Тариф на 6 месяцев или Тариф на 12 месяцев.