Новости

Астана қаласында «Нұра» ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының құрылуына қатысты

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 27 сәуірдегі №333 қаулысына сәйкес Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Нұра» ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы мемлекеттік кірістер органының 6208 коды беріліп, құрылды. Қазіргі уақытта әділет органдары Астана қаласының Нұра ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына бизнес-сәйкестендіру нөмірін (БСН) тағайындау бойынша жұмыстарды жүргізіп жатыр. Осыған байланысты, Астана қаласы «Нұра» ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының БСН-ы бекітілгенге дейін салықтар мен бюджетке төленетін төлемдер бұрынғы орналасқан/тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында жүргізілуі тиіс. БСН тағайындалғаннан кейін жеке шоттардың қалдығы, сондай-ақ әлеуметтік төлемдерден түсетін түсімдер Астана қаласы «Нұра» ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының жеке шоттарына орналастырылады. ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің  Баспасөз қызметі  
Чтобы получить доступ к этому сообщению, вы должны приобрести Тариф на 3 месяца, Тариф на 6 месяцев или Тариф на 12 месяцев.