Новости

Жер қойнауын пайдаланушыларға КБК өзгертілді

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті «Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы» 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 және «Бюджет түсімдерін бюджеттердің деңгейлері, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шоты, Жәбірленушілерге өтемақы қорының, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттері арасында бөлу кестесі» 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 404 бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2023 жылғы 3 мамырдағы №461 бұйрығына (бұдан әрі — бұйрық) сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін хабарлайды. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы       18 қыркүйектегі №403 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында «Жер қойнауын пайдаланушылардан түсетін өзге де түсімдер» 105330 КБК алып тасталды. 106112 КБК атауы мынадай редакцияда жазылды: «Кеден одағында кедендік әкелу баждарын (баламалы қолданысы бар өзге де баждарды, салықтар мен алымдарды) есепке жатқызу және бөлу тәртібін белгілеу және қолдану туралы келісім күшіне енгенге дейін төлеу жөніндегі міндеті туындаған әкелінетін тауарларға және (немесе) әкелінетін кедендік баждарға арналған кедендік баждар, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану саласындағы келісімшарттар шеңберінде, оның ішінде Қазақстан Республикасы 2010 жылғы 1 шілдеге дейін жасасқан, кедендік әкелу баждарын босату және (немесе) өтеу көзделген өнімді бөлу туралы келісімдер бойынша әкелінетін тауарларға кедендік баждар».
Чтобы получить доступ к этому сообщению, вы должны приобрести Тариф на 3 месяца, Тариф на 6 месяцев или Тариф на 12 месяцев.