«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 418-бабына сәйкес кешенді көшпелі кедендік тексерулер тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде жартыжылдық кесте бойынша жүргізіледі. Бұл ретте уәкілетті орган кешенді көшпелі кедендік тексерулер кестесін өзінің интернет-ресурсында: — бірінші жартыжылдық үшін – жылдың 25 желтоқсанына дейін; — екінші жартыжылдық үшін – ағымдағы күнтізбелік жылдың 25 мамырына дейін орналастырылады. 2023 жылғы 24 мамырда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің сайтында 2023 жылғы 2 жартыжылдыққа арналған кешенді көшпелі кедендік тексерулердің жартыжылдық кестесі орналастырылды. Кесте мына сілтеме бойынша қолжетімді: https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/documents/details/472679?lang=kk
2023 жылдың 2 жартыжылдығына кешенді көшпелі кедендік тексерулердің кестесі жарияланды
31 Май