ЭСФ

ЭШФ АЖ пайдаланушыларын авторизациялау арқылы QR кодын сканерлеу

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті 08.06.2023 ж. Астана қ. уақыты бойынша сағат 17:30-дан  сағат 19:00-ге дейін «электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінде жүйені тоқтаусыз жаңарту бойынша жұмыстар жүргізілді. Жүйені жаңарту веб-порталда авторизациялау бойынша қосымша функционалды қосу мақсатында жүргізілді. Веб-нұсқада ЭЦҚ авторизациялаудың баламасы ретінде кілтпен QR-кодтың көмегімен авторизациялау мүмкіндігі берілді. QR коды арқылы авторизацияны таңдау кезінде: «Кіру» — «QR көмегімен Кіру» түймесін басыңыз; Ұялы телефонда қосымшаны ашып, eGov mobile-ға кіріңіз; EGov mobile басты бетінде «eGov QR» түймесін басыңыз; ЭШФ АЖ веб-порталында көрсетілген QR-кодты ұялы телефон арқылы сканерлеп, қол қойыңыз, содан кейін экранда » қол қою сәтті орындалды!». Әрі қарай, логин мен құпия сөзді енгізу керек. Авторизация жұмысы бойынша QR-код арқылы сұрақтар туындаған жағдайда esfsd@kgd.minfin.gov.kz электрондық поштасына  немесе байланыс орталығының 8 (7172) 72-78-72 телефон желісі бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.  
Чтобы получить доступ к этому сообщению, вы должны приобрести Тариф на 3 месяца, Тариф на 6 месяцев или Тариф на 12 месяцев.