Электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінде 2023 жылғы 8 маусымнан бастап веб-нұсқада ЭЦҚ авторизациялаудың баламасы ретінде QR-кодтың көмегімен авторизациялау мүмкіндігі берілген. QR-коды арқылы авторизацияны таңдау кезінде: «Жүйеге кіру» — «QR көмегімен кіру» түймесін басыңыз; Ұялы телефонда қосымшаны ашып, eGov mobile-ға кіріңіз; EGov mobile басты бетінде «eGov QR» түймесін басыңыз; ЭШФ АЖ веб-порталында көрсетілген QR-кодты ұялы телефон арқылы сканерлеп, қол қойыңыз, содан кейін экранда «қол қою сәтті орындалды!» хабарламасы көрсетіледі. Әрі қарай логин мен парольді енгізу қажет. Авторизация жұмысы бойынша QR-код арқылы сұрақтар туындаған жағдайда esfsd@kgd.minfin.gov.kz электрондық поштаға хабарласуыңызды сұраймыз немесе байланыс орталығының 8 (7172) 72-78-72 телефон нөмірі бойынша хабарласуға болады.
Электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінде QR-кодтың көмегімен авторизациялау
23 Июн